Баланың жынысын анықтау жолдары

Баланың жынысын анықтау немесе алдын ала білуге болады ма? Жүктілікті білген сәттен бастап болашақ ата-ана құрсақтағы сәбидің болашағына жоспар құра бастайды. Оның бәрі жөргек пен киім қарастырудан, есім таңдаудан басталады. Ал ол киімдердің түсі қандай болады, қандай ойыншықтармен ойнайды, нәрестенің атын кім деп қояды – бұның бәрі бірінші кезекте баланың жынысына байланысты. Ата-аналардың біразы сәбилерінің ұл болып туылғанын қаласа, екіншілері, керісінше, қызды армандайды. Әсіресе бұл сұрақ отбасы мүшелерін жанұяда генмен берілетін ауру болса, қаттырақ мазалай түседі. Өмірдің өз жоспары бар десек те, баланың жынысын алдын ала білуге болады. Оның жолдары қандай?
Нәрестенің жынысын анықтаудың көнеден келе жатқан халықтық, бертін келе медицинаның дамуымен бірге заманауи, ғылыми әдістері де пайда болды. Солардың ішінде кеңінен тараған бірнеше түрін талдап көрейік.

Қытай баланың жынысын анықтау кестесі

Кез келген затқа асқан ұқыптылықпен қарайтын қытайлар да құрсақтағы сәбидің жынысын анықтаудың амал-тәсілдерін зерттеген, қарастырған. Желіде жүктілікті жоспарлайтын және баланың жынысын көрсететін бірнеше кесте бар, солардың ішінде ең танымалы – қытай кестесі. Себебі ол Пекиндік отбасын жоспарлау институтының мақұлдауынан өтіп, дәлдік коэффициенті 98 % екені анықталған. Соның арқасында қытай азаматтарының арасында сенімге ие болды. Қытай еркектерінің көбі ұлды болғылары келгендіктен, осы кестенің көмегімен алдын ала баланың жынысын жоспарлауға тырысады.

Кестені қалай қолданады? Бәрі өте оңай. Ананың жасы мен нәрестенің жынысын кестеде қиыстырасыз, сол кезде жыныстық қатынасқа қай уақытта түсіп, құрсақ көтеру керек екендігін білесіз. Байқап көріңіз.

Жапонияда болашақ баланың жынысын қалай анықтайды?

Жапондықтар да бұл сұрақтан қалыс қалмаған. Қытайлар сияқты бұлар да ұл-қызды жоспарлаудың өз кестесін ұсынды. Оның өз ерекшеліктері бар. Олардың басытысы – кестеде тек болашақ ата-ананың туған күні ғана ескерілмейді.

Негізі, кесте екі бөліктен тұрады. Әуелі сіз «өз» саныңызды іздейсіз: ол еркектің және әйелдің туған күндерін сәйкестендіру арқылы есептеледі. Өз саныңызды тапқаннан кейін екінші бөлікке өтесіз. «Сіздің» саныңыз бағананың жоғарғы жағында көлденеңінен орналасқан. Баланың жынысы оны көтерген аймен анықталады. Белгілі бір аймен «ұл/қыз» бағанасы қиысқан тұста қосу белгілері неғұрлым көп болса, баланың жынысы сіздің қалағаныңыздай болу мүмкіндігі жоғарырақ. Әр ата-анаға бұндай мүмкіндіктер жылына екі рет беріледі.

Нәрестенің жынысы ата-ананың қан тобымен қалай байланысты?

Қызды, не ұлды болудың тағы бір жолы бар. Ол үшін болашақ ата-ананың қан тобы мен резустарын назарға ала отырып, олардың қаны қашан жаңарғанын анықтау керек.

Кей жағдайда жанұяда не ұлдар, не қыздар ғана дүниеге келуі мүмкін. Баланың жынысын анықтау ата-аналардың қан топтары мен резустарына байланысты. Сондықтан, егер сіз ұлды болғыңыз келсе, онда үйленбестен бұрын жарыңыздың қан тобы мен резусын сұрап білгеніңіз абзал.
Ескере кетейік, қанның жаңаруына байланысты баланы жоспарлау теориясы бар. Оның мәні неде?

Халық арасында еркектің қаны төрт жылда бір, ал әйелдікі үш жылда бір рет жаңарады деген пікір бар. Кімнің қаны салыстырмалы түрде жас болса, баланың жынысы да сондай болады деп саналады. Яғни әйелдің қаны жас болса – қыз, ал еркектігі жас болса – ұл туады. Қанның жаңаруын қалай санауға болады? Болашақ әкенің жасын төртке бөлеміз. Мысалға, еркек 33-те, онда 33:4=8, қалдығы 1. Бұл қаны 1 жыл бұрын жаңарды дегенді білдіреді. Әйел 27-де. 27:3=9, қалдығы 0. Оның қаны енді ғана жаңарды, демек ердікіне қарағанда жас. Яғни қызды күте берсе болады.

нәресте жынысын анықтау жолдары

Бұл әдіс нәтижесінің қаншалықты дәл болатынын айту қиын. Себебі, қанға әсер ететін факторлар бар: қан құю, қан кету, түсік тастау, донор болу, ота кезінде қан жоғалту. Осындай жағдайлардың кесінде қанды ата-ананың туған кезінен бастап емес, осы жайттар орын алған кезден бастап санайды. Кейбір ғалымдар бұл әдістің дәлдік коэффициентін тек 1-2% ғана бағаласа, басқалары, керісінше, нәтижесі 65-88% тура болатынына сенімді.

Баланың жынысын ата-ананың жасы арқылы есептеу.

Иә, бұндай да әдіс бар, таңғалмаңыз! Кейбір тәжірибелерге сүйенсек, ата-ананың жасы нәрестенің жынысына әсер етеді. Егер әйел күйеуінен 1-9 жасқа үлкен болса, отбасында бірінші дүниеге қыз келеді. Керісінше, күйеуі жұбайынан 5-15 жасқа үлкен болса, ұлды болады. Бұл тек жанұяның тұңғышына ғана қатысты.

Нәрестенің жынысын УДЗ арқылы анықтау.

Техника дамыған заманауи өмірде құрсақтағы баланың ұл не қыз екендігін дәрігердің көмегімен білуге болады. Ультродыбыстық диагностика жасату ананың да, нәрестенің де өмірі мен денсаулығына қауіпсіз. Жүктіліктің 20 аптасында баланың жынысын нақты анықтай аласыз. Әрине, сәбиіңіз экранға «керек» жерін көрсеткісі келсе.

Құрсақтағы нәресте қозғалып, жыныс мүшелерін жаба бастайтын сәттер де дәрігер тәжірибесінде жиі кездеседі. Сондықтан УДЗ жасатқан күннің өзінде баланың жынысын шатастыру мүмкін. Жүктіліктің алғашқы уақытында, мысалға 11 аптасында, нәрестенің жынысын тек 30% жағдайда ғана анықтауға болады. Бұл уақытта құрсақтағы ер жынысты эмбрионының кіндік бұдырмағының дамуы қыздікіне қарағанда жоғары болады. Әрі қарай жыныстық белгілер айқындала түседі. 12 аптада ұлды қыздан 46% болжамдықпен айыруға болса, 13 аптада ықтималдық коэффициенты 80%-ға дейін артады.

Баланың жынысын овуляция бойынша жоспарлау

Баланың жынысын анықтау ғана емес, жалпы жүктілікті жоспарлаудың ең сенімді әдісінің бірі – овуляция арқылы есептеу. Ол ғылыми түрде тексерілген. Бұл әдістің мәні неде? Ұрықтану құрамында XY хромосомасы бар аталық ұрық пен ХХ хромосомалы аналық жасушадан болады. Нәрестенің жынысы осы хромосомалардың қалай қосылатынына байланысты. Х- ер мен Х- әйел хромосомаларының жиынтығы — қыз, Х-әйел мен Y-ер жиынтығы — ұлды боласыз. Y-хромосомалары ең белсенді болғанымен, аналық жасушамен бірден қосылмаса, өледі. Ал Х-хромосомалары аналық жасушаның пайда болуын күтіп, оны 24 сағаттан кейін де ұрықтандыра алады. Аналық жасуша етеккірден 13-16 күн бұрын бөлінеді және әр 25 күн сайын бұл процесс қайталанып отырады. Овуляцияның белгілері: іштің төменгі жағы мен кеуденің ауырсынуы, көңіл-күйдің құбылмалылығы, базалды температураның көтерілуі. Овуляция болғаннан сәттен менструацияға дейінгі уақытта ұлды болуға болады.

жүктіліктін жынысын анықтау

Баланың жынысын жоспарлауға байланысты халықтық болжам-жоралғылар да аз емес. Біздің дүниеге келгенімізге дейін бірнеше ғасыр бұрын жинала бастаған бұл ырымдарды біз қалай айтпай кетеміз?! Сонымен, сіздің құрсағыңыздағы ұл ма, қыз ба? Біздің ата-бабаларымыз бұл жайлы не дейді екен?!

Баланың жынысын анықтау халық ырымдары

Егер жүктілік кезінде болашақ ана токсикоздан қиналса, ұлды болады. Қалтырауды сезінсе – қыз, ыстығы көтерілсе – ұл. Жүктілік әйелді нұрландыра түссе, денесінде түктер мен шаштар көбейсе, дүниеге ер бала келеді. Қызға аяғы ауыр келіншек ұзақ уақыт бойы жүктілігін жасыруға бейім болады. Сонымен қоса, құрсағында қызды көтеріп жүрген ана үнемі еркелегісі келіп тұрады. Жұбайлар жыныстық қатынасқа жиі түссе, ұлды болады; ал сирек қатынас кезінде қыз бала дүниеге келеді. Нәресте ұл болса, аналары тұзды тағам мен етке жерік, ал қыздың аналары тәтті мен жеміске құмар. Жүкті әйелдің іші жалпақ және биігірек орналасса, дүниеге қыз келеді, ал іші шығыңқы және төмен орналасса, ұлды болады. Тақыр бас немесе шаштың түсуінен зардап шегіп жүрген еркектер көбінесе ұлдардың әкесі атанады.

Баланың жынысын анықтау сан алуан тәсілі бар. Алайда олар қаншалықты тиімді екенін байқап көргенде ғана айта аласыз. Балалы ата-аналардың айтуы бойынша, ешқандай әдіс 100% нәтиже бермейді. Себебі табиғаттың өз заны бар және одан асып ешқайда бара алмайсың. Ата-ананы нәрестенің жынысы емес, оның бар болғаны, дүниеге аман-сау келгені бақытты қылу керек. Жүктілік уақытында әйелдердің көбі қызды болуды армандайды. Сонда да туыстарымен қосылып алып нәрестенің жынысын анықтауға кіріседі, неше түрлі әдісті қолданады, денесінен белгілерді іздейді.

Ұлды боласыз ба, қызды боласыз ба? Бұл сұрақтың жауабын бізден бұрын талай адам іздеген. Ата-әжелерімізден қалған халықтық болжамдар мен кеңестер қаншама?! Ал бүгінгі күні жорамалдардан бөлек, әр ана ультродыбыстық тексеруге де барады. Алайда ұмытпаңыз, қандай әдісті қолдансаңыз да, баланың жынысын дәл білу мүмкін емес.

Халықтық ырымдарды бірнеше топқа бөлуге болады

1. Бірінші топқа овуляциямен байланысты баланың жынысын анықтау жатады. Мысалға, ұрықтану болжамалы овуляция күніне дейін болса, жұбайлар жыныстық қатынасқа күнде туссе, секспен белсенді айналасса, заңды түрде негеде тұрса, әйел ерін қаттырақ жақсы көрсе, ұрықтану кезінде еркек сексте белсенділік танытса, қыз туады. Керісінше, еркек пассивтің рөлін атқарса, ұлды болады. Ұрықтану кезінде әйел оргазм сезінсе, ұлды болады; сезінбесе, дүниеге қыз келеді. Сонымен қоса қызды болуға жеміс, көкөніс, сүтті өнімдер жеген көмектеседі.
Егер балалы жұп аз уақыттан кейін тағы нәрестелі болғысы келсе, дүниеге келетін сәбидің жынысы басқа болады деген пікірлер де бар. Мысалға, бірінші бала қыз болса, енді ұл туады. Жаңбырлы, ылғалды күні құрсаққа қыз бітеді дейді біреулер. Бұған сенсек, күзде әйелдер көбіне қызға жүкті болады. Бірақ бұл деректер ғылыми түрде дәлелденбеген.

2. Екінші топтағы ырымдар жүктілік кезіндегі ананың көңіл күйі, жүктіліктің өтуі сияқты сипаттамаларға негізделген. Дүниеге қыз келетінінің белгілері: тоғыз ай бойы болашақ ананы токсикоз қатты мазалайды, қызуы жиі көтеріледі, оң жаққа жатқанды жақсы көреді, тамаққа тәбеті болмай, тәттіге құмартады, несебі – ақшыл сарғыш түсті; баяу, сымбатты, жеңіл жүреді. Нәрестенің ұл болуын мына заттар хабарлайды: әйел адам сол жағында жатқанды ұнатады, жүрісі тез, ауыр болады.

3. Үшінші топ – іштің пішіні. Құрсақта қыз бала жатса, іш биік орналасады, домаланады, солға қарай жылжиды. Әйелдің саны мен белі үлкейеді.
Балалы әйелдер нәрестенің жынысын алдыңғы жүктіліктерімен салыстыра отырып, анықтай алады. Егер жүктілік өзгеше жүрсе, сәбидің жынысы да басқа болуы ықтимал.

Ұл бала мен қыз баланы көтеріп жүрген әйелдердің жүктілігі әртүрлі жүреді. Медициналық тәжірибе көрсететіндей, тіпті ультрадыбыстық диагностика да кей жағдайда нәрестенің жынысын нақты анықтай алмайды. УДЗ уақытында сәби қозғалса, жабылса, оның қыз-ұл екенін дәл айту мүмкін емес. Яғни баланың кім болып туылатынын болашақ ата-ана босанғаннан кейін ғана нақты біле алады.
Ойланып қарасақ, нәрестенің жынысы емес, оның денсаулығы маңызды. Қыз болсын, ұл болсын, әр бала өмірге келуге құқылы.

4.9 9 votes
Article Rating

Related Articles

Жүктілік белгілері. Көтерудің айқын алғашқы белгілері.

Кез келген әйел жүктіліктің алғашқы белгілері – таңертең жүрек айнуы, бас айналу және етеккірдің кешігуі — алғашқы жүктілік белгілері екенін біледі. Құрсақ көтергеніңізді етеккірдің кешіккенінен … Read more

Токсикоз немесе жеріктік туралы. Токсикоздың емі

Болашақ ананы бірінші токсикозбен қорқытады. Біреулер олардың жүктіліктің бірінші күнінен бастап айнығанын, екіншілері бастарының қалай ауырғанын, үшіншілері ахілеп, төртіншілері бұдан қашып құтылуға болмайтынын алға тартады. … Read more

Жатырдан тыс жүктілік деген не? Ол несімен қауіпті?

Жатырдан тыс жүктілік деген не? Жалпы жүктілік деп ұрықтанған жұмыртқа жасушасының жатыр қуысында дамуын айтамыз. Түсініп тұрғаныңыздай жатырдан тыс немесе жатырдың сыртындағы жүктілік – аталық … Read more

Subscribe
Notify of
guest
0 Comments
Inline Feedbacks
View all comments
angime

ФОРУМЫМЫЗ АШЫЛДЫ!

Біздің форум техникалық режимде жұмыс істей бастады!

Тіркеліңіз! Сұрақтарыңызды қойыңыз. Кеңестеріңіздерді беріңіз! 

Бізбен бірге болғаныңызға рахмет!