Токсикоз немесе жеріктік туралы. Токсикоздың емі
Болашақ ананы бірінші токсикозбен қорқытады. Біреулер олардың жүктіліктің бірінші күнінен бастап айнығанын, екіншілері бастарының қалай ауырғанын, үшіншілері ахілеп, төртіншілері бұдан қашып құтылуға болмайтынын алға тартады. Токсикоз деген не немесе біздің қоғамда жеріктік деген нәрсені қалай қабылдайды? Зерттеп көрейік.
Мазмұны
1. Токсикоз деген не?
2. Токсикоз түрлері
3. Токсикоздың белгілері
4. Токсикоз несімен қауіпті?
5. Токсикоз профилактикасы
6. Токсикоздың емі
Токсикоз деген не?
Токсикоз деп жүкті әйелдердің бойындағы әлсіздікті айтады. ДДҰ-ның есептеуі бойынша, жүкті әйелдердің 90% – ы токсикозбен кездеседі. Ал жүктіліктің құсу сияқты көрінісінен әрбір екінші болашақ ана зардап шегеді.
Ең бастысы, болашақ ана мынаны есте сақтауы керек: қалыпты жүктілік кезінде токсикоз симптомдары – жүрек айну және құсу – тәулігіне 2-3 реттен, оның үстінде, таңертең ғана қайталанып отыруы керек. Ол аш қарынға болатын құбылыс. Ал әйелдің жалпы жағдайы бұл кезде нашарламайды.
Токсикоз түрлері
Токсикоздың екі түрі бар. Олар ерте токсикоз және соңғы токсикоз. Ерте токсикоз әйел организіміндегі зат алмасу процесінің өзгеруінен пайда болады. Ол жүктіліктің 5-6-шы аптасында басталып, 16-18-ші аптаға дейін созылады (өте сирек жағдайда босанғанға дейін).
Кеш токсикозды гестоз деп те атайды. Бірінші токсикоз түрін дәрігерлер өте ауыр және сирек жағдайларда ғана емдейді, себебі оны патологияға жатқызбайды. Ал гестоз жүктілікті қиындататын және болашақ ана мен балаға қауіп төндіретін фактор деп санайды. Көп жағдайда дәрігерлер гестозды токсикоз емес дейді, себебі ол қан тамырларының спазмысынан туады. Алғаш токсикоз үнемі көрінсе, гестоз жасырын түрде де өтеді. Салдарынан балаға оттегі жетіспейді, артериялық гипертензия, бүйрек аурулары және ісінулерге әкеледі.
Бұдан басқа, токсикозды тек оның өту уақытына байланысты емес, өту формасына да қатысты бөледі:
Жеңіл дәрежесі – жеңіл құсу (тәулігіне 5 реттен аспайды, әйелдің жағдайы қалыпты деңгейде қалады, салмақ жоғалтуы 3 килограмнан аспайды).
Орташа дәрежесі – құсу ауырлығы орташа (тәулігіне 10 ретке дейін, көңіл-күй нашарлайды, қысым төмендейді, жүкті әйел салмақ жоғалтады).
Ауыр дәрежесі – тоқтамайтын, шамадан тыс құсу (тәулігіне 25 ретке дейін, 10 килограмға дейін салмақ жоғалтуы мүмкін, әйел жағдайы ауырлайды). Бұл сатыда дереу ауруханаға жатуға керек, өйткені әйелге қауіп төнеді.
Токсикоздың белгілері
Жүкті болған кез келген әйелден сұрасаңыз токсикоздың белгілерін санап тұрып айтып шығады. Бірақ олардың бір жартысы ғана клиникалық сипаттамаларға тән, қалған белгілермен жүктіліктің кез келген сатысында кездесуге болады.
Сонымен, мамандар ерте токсикоздың келесі белгілеріне тоқталады:
- Жүрек айнау
- Құсу
Бұлар бірге клиникалық сипаттамаларды береді, қалғандары оны тек толықтырады:
- Сілекейдің көп бөлінуі (птиализм);
- Бөрітулер, дене қышуы (дерматоз);
- Жүктілердің деміпесі (емделуі қиын аяқ асты тұншығулар);
Өте сирек кездесетін белгілер:
- Жүктілердің сары ауруы;
- тетания (қанда кальцийдің жетіспеуіне байланысты сіңірдің тартылуы);
- остеомаляция (кальций жетіспеушілігінен сүйектің жұмсаруы).
Ал тез қозу, әлсіздік, тамаққа деген жиіркеніш ше? Олар клиникалық сипаттамаларға жатпайды. Олар жүктіліктің кез келген деңгейінде аяқ асты пайда болып тұрады.
Токсикоз несімен қауіпті?
Белгілі уақытқа дейін токсикоз – жүктіліктің бір сипаттамасы ғана. Алайда болашақ ана қай уақытта дәрігерге шұғыл қаралуы керек екенін білуі керек. ДДҰ мәліметіне сәйкес дамыған елдерде эклампсиядан (кеш токсикоздың қауіпті түрі) 0 пайыздан 1,8 пайызға дейінгі жағдайда әйелдер қайтыс болады.
Токсикоздың ауыр түрлері мынадай қиындықтарға әкеледі:
- салмақтың азаюы;
- тахикардия;
- үнемі дене қызуының көтерілуі;
- әлсіздік.
Бұл жерде ең үлкен қауіп – салмақтың азаю. Себебі, нәтижесінде тістер түсіп, сүйектер сынып, балаға оттегі жетіспей, оның дамуында қиындықтар пайда болады.
Калифорния Университетіндегі ғалымдардың зерттеуі бойынша, жүкітілік кезінде аналары құсудан зардап шеккен балалар 3,28 жағдайда дамудан артта қалады. Ескеріңіздер, бұл тек күніне 20 реттен артық лоқсу туралу сөз болып тұр.
Токсикоз профилактикасы
Токсикоз кей жағдайда әйел ағзасының жүктілікке дайын болмағанының салдарынан туады. Алдын алу үшін мына заттарды ескерген жөн:
• зиянды әдеттерден алдын-ала бас тарту;
• кофе тұтынуды қысқарту;
• ұрықтануға дейін созылмалы аурулармен ауырмайтыныңызды анықтауға тырысу;
• витаминдер мен минералдар кешенін алдын-ала қабылдай бастау.
Токсикоз басталып қойса, онда келесі амалдарға жүгініңіз:
• тамақтану режимін дұрыстау;
• ұйықтау мен демалу режимін дұрыстау;
• таза ауада серуендеу уақытын ұлғайтуға;
• көбірек демалу.
Токсикоздың емі
Токсикоздан қалай құтылұға болады? Токсикозды үйде емдеуден қиналсаңыз, дәрігер көмегін алыңыз. Ол сізге дұрыс ем жазып береді. Алайда токсикоздың жеңіл жағдайларында медиктердің көмегінсіз де күресіп көруге болады. Токсикоз кеше басталған жоқ, сізге дейін талай әйелдер оны емдеудің жолдарын тауып қойған. Не істеуге болады?
- Лимонды бірнеше кішкене тілімге бөліп, тіліңізге қойып ұстаңыз (шырыны тіске тиіспеуін бақылаңыз). Тым қышқыл болып көрінсе, лимонды езіп, шырынын сумен араластырыңыз.
- Мүкжидек морсы. 200 грамм мұздалған мүкжидек жидегін езіп, бір литр ыстық суды үстінен құйып, екі сағат тұндырыңыз. Сосын суытып, дәке арқылы тазартыңыз.
- Зімбір. Зімбір шәйін таңертең аш қарынға ішсеңіз, токсикоз белгілерін басуға көмектеседі. Оны дайындау үшін зімдірдің екі орташа тілімін 15 минут ыстық су стаканында қайнатып, сосын бал мен лимон қосыңыз. Қол астыңызда зімбір болмаса, оның орнына зімбір ұнтағын қолданыңыз.
Қалыпты жүктілік уақытында әйел таңертең аш қарынға 2–3 рет құсады.